2019 жылдың 25-29 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында «Тұңғыш Президент күні» тақырыптық апталығы өтті. «Біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тәрбиешілер Тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптық әңгімелер, сабақтар өткізді. Балалар «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың» атты презентациясын тамашалады. «Өз тарихыңды, жеріңді сүю, және зерттеу» викторинасына мектепке дейінгі даярлық топтарының балалары қатысты. Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы кітаптар, иллюстрациялық альбомдар ұсынылды: Елтаңба, Тудың түрлі-түсті суреттері, сондай-ақ еліміздің Мемлекеттік рәміздері авторларының портреттері. Балалар сұрақтарға белсенді жауап берді, түрлі тапсырмаларды орындады. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін, қазақ және орыс тілдеріндегі мақал-мәтелдер, өлеңдер, әндер туралы білімдерін көрсетті. Мерекелік ертеңгілік балалар мен ересектердің орындауында Қазақстан Республикасының Әнұраны және қонақтарды құттықтаумен ашылды. Мерекеде балалар билеу, ән айту және өлеңдерді үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқу дағдыларын көрсетті. Балалар мерекеде ән айтып, би билеп, түрлі ойындар ойнады. Бұл тақырыптық апталық балаларды Отанға, бірінші Президентіне деген құрмет пен сүйіспеншілік рухын тәрбиелейді. Осылайша біз тұрақты қоғамның болашақ ұрпағының негізін қалаймыз.


