2019 жылдың 9-13 желтоқсан аралығында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай балабақшада «Менің Отаным-Тәуелсіз Қазақстан» тақырыптық апталығы өтті.
Апта ата-аналарға арналған құттықтау және топтар мен балабақша ғимаратын мерекелік безендіруден басталды. Кітап көрмесі мен «Менің Отаным» балалар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Тәрбиешілер балаларға «Менің Отаным - менің Қазақстаным!» атты тақырыптық әңгімелер, сабақтар өткізілді, оның мақсаты балаларға адамгершілік және патриоттық тәрбие беру болады. «Менің Отаным» атты презентациясын балалар тамашалады. Дене шынықтыру нұсқаушысы балалармен «Жас қазақстандықтар спортты таңдайды!» атты спорттық ойын-сауық дайындап өткізді. Онда балалар ұлттық ойындар ойнады. «Гүлден менің, тәуелсіз Қазақстаным» атты оқырмандар байқауында біздің балабақша тәрбиеленушілерінің дарындылығын көрінді. Балалардың тақпақтары туған жерге арналды. Үлкен топтар мен мектепке дейінгі топтардағы «Менің Қазақстаным» атты мерекелік іс-шаралар өтті. Педагогтер музыкалық бөлмені салтанатты және әдемі безендірді. Олардың мақсаты: балаларда отансүйгіштік сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншілікті, достық пен бірлікке деген ынтаны ояту. Ертеңгілік Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан және Тәуелсіз Мемлекетіміздің Рәміздерінен басталды. Ертеңгілікте Алдар-Көсе балаларға қазақ ертегілерінің сипаттамасы мен ұлттық киімдердің, музыкалық аспаптардың ерекшеліктері туралы айтып берді. Тақырыптық апта мерекелік ойындармен аяқталды.
Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,
Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.
Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,
Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл.


