Қазіргі уақытта адамдар біздің ортақ үйіміздің - Жер планетасының әл-ауқаты туралы мүлдем ойламайды. Сіз кез-келген жерде қалаусыз материалды көре аласыз. Алайда, егер сіз күш пен қиялды қолданып қолөнер жасайтын болсаңыз, онда сіз мұндай материалды ақылға қонымды түрде қолдана аласыз, планетаны қиратпай, керісінше безендіре аласыз! Сондықтан біз балабақшада «Ерекше көрме» деп аталатын шығармашылық байқау өткізуді ұйғардық.
Мақсаты: балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылығы арқылы тәрбиеленушілердің шығармашылық бастамасы мен қиялды ойлауын дамыту.
5 наурыз, 2020 жылы №8 «Гүлдер» балабақшасында «Менің өмірімнің эко мектебі» жобасы аясында «Ерекше көрме» шығармашылық байқауы өтті. Байқауға біздің балабақша тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге белсенді қатысты. Ата-аналары балаларымен бірге ТТҚ қолөнерін жасады. Қолөнер әр түрлі материалдардан жасалды: пластикалық пакеттер, түймелер, жұмыртқа, скотч, таспалар, мақта жүн, құлақ таяқшалары, коктейль түтіктері, пластикалық бөтелкелер, шүберектер, пластмасса қасықтар және т.с. Бұл қолөнер шығармашылығы бмектеп жасына дейінгі балалардың ұқыпты болуына, саусақ моторикасын дамытуға, табиғатты сүюге баулу және шығармашылық ойлауды дамытуға көмектеседі. Ата-аналар педагогтермен бірге балаларға көшеге қажет емес материалдарды лақтырмауға, олардан керемет заттар жасауға үйретуі керек. Көптеген ата-аналар бұл ұсынысқа балаларымен бірге экологиялық көрмеге қуана қатысты.
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін асыл ана. Өйткені адам баласы табиғаттың тіршілігінде өсіп-өніп, жетілген. Табиғат - ырыздықтың, ырыс пен мол қазынасының қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Табиғат-сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс . Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты ластамай қорғауымыз керек.
Табиғатты қорғау үшін бәріміз,
Күресейік, бір - бір ағаш егейік.
Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Сүйейік табиғатты аялайық,
Біз одан жақсылықты аямайық.
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша дем алайық!


