«Менің эко мектебім» жобасын жүзеге асыру аясында біздің балабақша тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге «Пакет, Жоқ!» атты акциясын өткіздік. Өмірімізге экологиялық әдеттерді енгізу қиын емес, бастысы оны бастау. Мектепке дейінгі жастағы балаларда экологиялық әдеттерді қалыптастыру қажет. Ең бастысы қарапайым әрекеттердің жаһандық өзгеріске әкелуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Бірақ бұл өзгерістер бізге байланысты болады. Полиэтилинді пакеттерден бас тарту планетаның экологиялық денсаулығы үшін күрестің алғашқы қадамы болып табылады.


