Бекітілгенге жоспарға сәйкес, Қарағанды облысының ОӘО «Функционалдық сауаттылық апталығы» жобасын іске асыру мақсатында 2021 жылдың 15-19 ақпан аралығында КМҚК «Гүлдер» бөбекжайында» дене шынықтыру – сауықтыру сауаттылығы апталығы: "Балалар спорт әлемінде» іс-шаралары жоспар бойынша өтті.
Мақсаты: балаларды, ата-аналарды және педагогтарды жалпы сауықтыру, ағзаның қоршаған орта факторларының зиянды әсеріне төзімділігін арттыру.
Міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балаларда салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру. Денсаулық сақтау ережелерін саналы түрде орындауға және өз денсаулығына да, айналасындағылардың денсаулығына да жауапкершілікпен қарауға қол жеткізу;
– спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтына эмоционалды-оң көзқарас қалыптастыру.


