2020 жылдың 16-20 наурыз аралығында Наурыз мерекесіне орай балабақшада «Наурыз жақсылық пен жылулық мерекесі» атты тақырыптық апталығы өтті.
Апта ата-аналарға арналған құттықтау және топтар мен балабақша ғимаратын мерекелік безендіруден басталды. «Наурыз жаңару мерекесі» атты балалар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Тәрбиешілер балаларға «Наурыз жақсылық пен жылулық мерекесі» атты тақырыптық әңгімелер, ҰОҚ де «Наурыз мейрамы» атты презентациясын балалар тамашалады. Дене шынықтыру нұсқаушысы Пошанов Ш.Е. балалармен «Наурыз мейрамы» атты спорттық ойын-сауық дайындап өткізді. Онда балалар қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Үлкен топтар мен мектепке дейінгі топтарда «Наурыз төрлет!» атты мерекелік іс-шаралар өтті. Педагогтер музыкалық бөлмені салтанатты және әдемі безендірді. Олардың мақсаты: балаларда отансүйгіштік сезімдерін, достық пен бірлікке деген ынтаны ояту. Мерекелік іс-шарада балалр қазақ,орыс және ағылышын тілінде тақпақтар айтып,ән салды және билер билеп,қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Тақырыптық апта мерекелік ойындармен және салтанатты түрде балабақша қызметкерлерін құттықтаумен аяқталды.
Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлык, бакыт тiлеймiн,
Бүкiл казак елiне.


